• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2015

100 бас сауын сиыр   заманауи технологиямен сауылады

611 рет
көрсетілді

Шығыс өңірінде «Делаваль» фир­масының заманауи технологиясымен жабдықталған тауарлы сүт фермасы ашылды. 100 бас сауын сиырға арналған фер­маның жобасын Ұлан ауданының Аблакетка ауылдық округіндегі «Са­ғынқұмаров» шаруа қожалығы жүзеге асырып отыр. Қарашоқы елді меке­ніндегі «Сағын­құмаров» шаруа қожалығының жетекшісі Майдан Сағынқұмаровтың айтуынша, жаңа фермаға бүгінде 100 бас «Сименталь» сүтті сауын сиыры сатып алынған. Сондай-ақ, тауарлы сүт фермасының әрі қарай дамуы үшін мемлекет тарапынан қосымша 55 гектар суармалы жер телімі бөлінді. – Бұл тауарлы сүт фермасы бірінші кезекте, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру аясында қабылданған 100 нақты қадамының 60-қадамын орындау бағытында ашылып отыр, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов. Жобаның жалпы құны 117 млн. теңгені құраса, оның ішінде 66 млн. теңге жеке қаражат есебінен, ал 51 млн. теңге «Ырыс» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алынды. Ферманың өнімі жергілікті «Багратион Ұлан» ЖШС-нің сүт өңдеу зауытына тапсырылады. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.